Бейнеу ауданы әкімінің сайлауында дауыс берушілердің қарасы қалың. Олардың қатарында Әсем Нағидуллақызы да бар. 18 жастағы тұрғын биыл алғаш рет дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әсем Нағидуллақызы - Бейнеу гуманитарлық колледжінің дене тәрбиесі және спорт мамандығының 3-курс студенті. Туған өлкенің өркендеу бағдарын айқындайтын сайлау жастар болашағы үшін де аса маңызды екенін ескеріп, өз қатарластарын дауыс беруге шақырды.
-Бүгінгі сайлауға қатысу Бейнеу ауданының әрбір тұрғынының міндеті деп білемін. Ауданымызды алға жетелейтін, болашақты сеніп тапсыратын басшымызды халық болып бірге таңдау қажет. Мен іскерлік әрі ұйымдастырушылық қабілетіне сенім артқан үміткерге өз дауысымды бердім, - деді Әсем Нағидуллақызы.
Айта кетейік, Бейнеу ауданы әкіміне 3 азамат үміткерлікке түсіп жатыр.