28 ақпан күні әлеуметтік желіні мотиторинг жасау барысында жергілікті сайттардың бірінде жариялаған белгісіз адамдар қала аумағындағы көқабатты үйдің балконында от жаққаны туралы бейнежазба таралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған оқиға бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп, бейнежазбада көрсетілген өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған А. есімді азамат Ақтау қаласы 32а шағын аудан 6 үй, 46 пәтердің қылтимасында кәуіп пісіру мақсатында от жаққаны белгілі болды. А есімді азамат өз кінәсін толықтай мойындап, оған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 410 бабының негізінде жеке тұлға атына әкімшілік шара қолданылды, - деді Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақсат Шапхатов.
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындарға тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.