Ақтаулық оқушылардан құрылған «Alash media» жайдарман командасы Астана қаласында өткен «Mausymashar-2023» фестивалінде үздіктер қатарынан көрініп, келесі лигаға жолдама алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Mausymashar-2023» фестиваліне Ақтау қаласының №19 мектеп-гимназиясының «Alash media» жайдарман командасы шақырту алған болатын. Осы орайда мектеп оқушыларынан құралған команда, жетекшілерімен бірге қатысты.
Фестиваль нәтижесінде «Alash media» жайдарман командасы 30 команданың ішінен келесі «Jaidarman Junior» лигасына жолдама алды.
-Сахнаға шығар уақытта үлкен жауапкершілікті сезіндім. Арманым орындалғанына қуаныштымын. Мектебімнің атынан осындай үлкен сахнаға шығып, өнер көрсеткеніміз үлкен абырой,- дейді команда мүшесі Ақбөбек Нұрлыбек.