Ақтаудың төменгі шағын аудандарында ауыз су 11 шілдеде бірнеше сағатқа ажыратылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz "Каспий жылу, су арнасы" МКК (КЖСА) сілтеме жасап.
Уақытша шектеу облыстық сот ғимаратының жанындағы 8 шағын аудандағы учаскелерде және "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ ғимаратының жанындағы 6 шағын ауданда өтетін ауыз судың магистральдық құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты.
- Сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін қаланың төменгі аймағында ауыз су өшіріледі. 1-8 шағын аудандар, 9А, 21, 22, 23, 25, 14 (№12-15, 19, 21-25, 33, 39 үйлер), 15 шағын аудандар ( №4, 9-11, 13, 35, 37, 39 үйлер), "Самал-1" (№1-24, 54-59 үйлер)",- деп хабарлады КЖСА.