Кешеден бері №16 мектепте жылу болмады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграмм парақшасына қала тұрғындары жазды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ата- аналар мен тұрғындар №16 мектепте екі күн бойы жылу жоқтығына, балалар сырт киіммен сабақ оқуға мәжбүр болып отырғандығына шағымданды.
Мектеп жылуының мән -жайын «КЖСА» МКК директорының орынбасары Ислам Үсенов барып тексерді.
«Біз мектеп жертөлесін тексеріп, магистральды жылу құбырларын қарап шықтық. Жылу құбырларында айналым дұрыс емес, ауа шығару керек. Бүгін кешке дейін мектепке қызмет көрсететін мекеме ақауды жөндеумен айналысады» ,-деді Ислам Үсенов.