Ақтауда 2024 жылдың 20 қаңтары мен 1 наурызы аралығында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінімдер қабылданады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба аясында кез келген адам қала аумағын дамыту мен абаттандыруға бағытталған өз идеясын ұсына алады. Егер сіздің бастамаңыз дауыс беру процесінде қала тұрғындары тарапынан қолдау тапса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.
«Халық қатысатын бюджеті» шеңберінде мына іс-шараларға өтінім қабылданады:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
1) ортақ пайдалану нысаны.
2) тиісті аумақтар тұрғындары үшін өзектілігі.
Жобалық ұсыныста шығыстардың болжамды сметалық есебі немесе/және баға ұсынысы, сондай-ақ фото суреті/эскизі/макеті/схемасы болуы қажет.
Қарауға қабылданбайтын жобалық ұсыныстар:
Тұтас емес, фрагментті (болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап ететін);
ҚР Заңдарына және қала бағдарламаларына сәйкес келмейтін;
Жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтін;
Жобаны іске асыру құнынан асатын қызмет көрсетуге және күтіп ұстауға арналған шығыстарды көздейтін (қосымша қызметкерлер);
Нормативтік емес лексика, жала жабу, балағаттау, зорлық зомбылыққа шақыру және т.б.
Дауыс беру:
1 тұрғын - 1 дауыс;
50 дауыстан кем жоба - жүзеге асырылмайды.
Өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайтында онлайн түрінде өтеді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/bnu/823?lang=ru
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8 (7292) 30-34-96.