Ақтауда 7 шағынаудан «Мәңгілік алау» маңында 202 шай раушан гүлі отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы қала бойынша жасыл-желектерді отырғызу наурыз айында басталған болатын. «Green City» ЖШС қызметкерлері ағаштарды отырғызу және оны күтіп баптау жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, мердігер компания Жеңіс алаңындағы аумақты тазалап, қураған көгалдар мен бұталарды кесу жұмыстарын жүргізді.
-Жеңіс алаңында 153 қылқан жапырақты, 141 жапырақты ағаш, 59 бұта мен 18 ұшқат(жимолость) бұтасы отырғызылды. Сонымен қатар, 202 шай раушан гүлі отырғызылды. Алдағы уақытта бұл жерге бұталар және көпжылдық гүлдер отырғызылады, - деді «Green City» ЖШС директоры Айбек Ерболеков.