Ақтауда 18-31 наурыз аралығында «Насыбай» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласының полиция басқармасының хабарлауынша, акция барысында халыққа насыбайды тұтынудың зардабы және кәсіпкерлерге оны сатуға жол бермеу туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде шегілмейтін темекі өнімдерін, оның ішінде насыбайды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынған.
Бұл өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 25 АЕК немесе 92 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл көзделген.
Айта кетейік, бүгін Ақтау қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторлары заңсыз сатылымдағы «Насыбай» өнімін тәркіледі. Заңмен тыйым салынған өнімді саудаға шығарған кәсіпкерге ҚР ӘҚБТК 196 бабымен айыппұл салынды.