Ақтауда жол қауіпсіздік ережелерін бақылау мақсатында рейдтік шара өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен жол полиция басқармасы бірлесіп, қала көшелерінде рейд жүргізілді. Тексеру барысында көшеде заңсыз, жолға жақын орналасқан жарнама бағаналары алынды.
- Рейдтік шара барысында коммерциялық нысандардың көше бойында, әсіресе, жолға жақын орналасқан жарнама бағаналарының заңдылығын тексердік. Тексеріс жұмыстарында кей бағаналар рұқсатсыз орнатылғаны белгілі болды. Сәйкесінше тиісті жұмыстар жүргізіліп, рейд аясына 3 заңсыз деп танылған жарнамалық бағана алынып тасталды,- деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.
Талап бойынша коммерциялық нысанның жарнама бағанасын заңды орнату үшін әкімдіктің жауапты бөлімдерінен рұқсат алу керек.