Ақтауда І топ мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ ілеспе тұлғаларды тегін тасымалдауға арналған жаңа инватакси сатып алынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Осыған дейін қалада жеке көмекші қызметін пайдаланатын, көзі нашар көретін, І топ мүгедектігі бар және тірек қимыл аппаратында ақауы бар мүгедек арбасын қолданатын мүгедектігі бар адамдарға арналған 5 инватакси көлігі бар еді. Солардың қатары тағы бір жаңа инватакси көлігімен толықты.
2023 жылдың 3 шілдесінде Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Орталығы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа Ақтау қаласы бойынша І топ мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ ілеспе тұлғаларды тегін тасымалдауға арналған 8 орындық JAG Sunray шағын автобусы алынды.
- Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне жеткізу қызметіне мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ ілеспе тұлғаларды «әлеуметтік такси» қызметі арқылы тегін тасымалдайды. Инватакси қызметі дәрігерлік консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша мүгедектік белгіленген мерзімде қолжетімді. Қызметті алу үшін жоспарланған сапар күнінен бір күн бұрын Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына хабарласып, өтінім беру қажет,- деді Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Жанар Умбеткалиева.
Орталық мамандарының айтуынша, жыл басынан 1 шілдеге дейін 5 әлеуметтік таксимен 84 мүгедекке инватакси қызметі көрсетілді оның 25-і – мүгедектігі бар балалар. Барлығы – 2 427 тапсырыс қабылданған.
Инватакси қызметін қолдану үшін қажет құжаттар тізімі:
1. Өтініш (еркін нысанда);
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысан бойынша медициналық ұйымның қорытындысы;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №750 қаулысымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.
«Әлеуметтік такси» қызметіне мұқтаж азаматтар төмендегі нөмірлерге хабарласа алады: 8 (7292) 42-94-51
Тірек қимыл аппаратында ақауы бар мүгедек арбасын қолданатын мүгедектігі бар адамдар: 8700 430 9058
Көзі нашар көретін І топ мүгедектігі бар адамдар: 8 700 4309059