13 шілдеде «Амфитеатр» алаңында ҰҚК Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері құрылғанына 30 жыл толуына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 31 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ҰҚК авиациясының МИ-8 тікұшақтары буынының сүйемелдеуімен Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің шекаралық күзет кемелері салтанатты түрде жүзіп өтеді.
Департаменттің әскери қызметшілері шекара ведомствосының техникасы мен қару-жарағы көрмесі ұйымдастырылады. Арнайы бөлімшелердің жауынгерлері мен кинологтар қоян-қолтық күрес тәсілдерін, атап айтқанда кемені басып алуды және қызметтік иттерді қолдана отырып, шекараны бұзушыны ұстауды көрсетеді.
Мерекелік шара сағат 20.00-де басталады.