Ақтауа жаңа 8 аялдама салынып, қолданысқа берілді. Сонымен қоса 1 ескі аялдама қайта жаңартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаладағы бұрын жабдықталмаған аялдамалар тұрғындарға ыңғайлы болу мақсатында жаңартылуда. Сонымен қоса 32«Б» ш/а 22 үйдің арты, 34«А» ш/а «Батыр» спорт кешенінің алды, 32 ш/а Ш. Есенов спорт кешенінің алды, 13 ш/а 2 үй арты, 26 ш/а «Мешіт» алды, 11«А» ш/а «Айып тұрағы»(Штрафстоянка), 3 ш/а Энергетик колледжінің алды мен 29 ш/а «Аққаламол» сауда орталығына қарама-қарсы жолға және 1 ш/а «Дружба» ғимаратының алдына 9 заманауи аялдама орналастырылды.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жаңа аялдамаларда тұрғындар тынығып отыру үшін орындық, көлеңке мен жаңбырдан қорғануға арналған бастырма бар.
-Бұрын бұл аялдамалар жабдықталмаған болатын. Тұрғындардың өтініші бойынша аялдамаларды жабдықтадық. Тоғыз аялдаманың ішінде біреуінің ғана ескі темір аялдамасын ауыстырдық. Жоба бюджет қаражаты есебінен жасалды,- деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейілов.