13-шағын аудандағы 44-үйдің тұрғындары кіреберісте құрт қаптап кеткеніне шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Біздің кіреберіс құртқа толып кетті. Әр түрлі ағартқышпен, тұрмыстық химиямен және түтінмен улауға тырыстық. Олар одан сайын көбеюде. Осы чатта СЭС-тен біреу бар ма, жауап беріңізші! Не істеу керек?», - деп тұрғындар облыс әкімдігінің телеграм-каналына жүгінді.
Қызмет көрсететін «Маңғыстау-Бірлік» ЖШС жәндіктерді зертханаға сараптамаға жіберді.
Белгілі болғандай, құрттар синотропты жәндіктер емес және жертөледе өмір сүрмейді.
«Бұл жәндіктер ауылшаруашылық зиянкестері болып табылады және олар тек жасыл желектермен қоректенеді», - делінген хабарламада.