«Қазгидромет» РМК 11 шілдеде Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығы туралы дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- 11 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыста, солтүстік-шығыста, облыс орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында секундына 15-20 метрге, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
11-12 шілдеде Маңғыстаудың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.