Бүгін, 1 наурыз күні 18 а шағынаудан "Premium Plaza" тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасынан өрт шықты. Оқиға сағат 15:06-да тұрғын үйдің 4-5 қабатында болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын тұрғын үйді шарпып үлгермеген. Тұрғындар ғимараттан өз бетінше шығып кеткен. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері және 5 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 15:30-да өшірілді.