Ақтауда 31 наурыз күні мәслихат депутаттарын сайлау учаскелерінде азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Депутаттарды сайлау қаладағы №13, №14 және №20 округтерде өтеді. Жәрмеңке аталған округтерге қарасты учаскелерде ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге қаладағы 8 кәсіпкер қатысады.
Жәрмеңке өтетін мына мекен-жай:
-26 ш/а, №14 жалпы білім беретін мектебі;
-27 ш/а, «Ақтау техникалық қызмет көрсету колледжі»;
-27 ш/а, №16 жалпы білім беретін мектебі;
-28а ш/а, №23 жалпы білім беретін мектебі;
-33 ш/а, «Маңғыстау Арена» спорт кешені;
-34 ш/а, «№19 мектеп-гимназиясы»
-Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жеміс-жидектер сатылады. Азық-түліктер нарықтағы бағадан төмен болады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, сайлау округтеріне қарасты учаскелерде қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылады. Барша қала тұрғындарын жәрмеңкеге шақырамыз, - деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Оспан Нысан.