Ақтауда 25 қазан – Республика күніне орай тұрғын үйлердің балкондарына мемлекеттік туды ілу акциясы өткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараны Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастыруда.
- 25 қазан – еліміз үшін айтулы мереке. Осы мерекені барысында қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында акция ұйымдастырдық. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриоттықты тәрбиелеуге және рәміздерімізге деген құрметті күшейтуге көмектеседі,- деді қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.
Айта кетейік, науқан 25 қазан – Республика күнінде өткізілмек. Оған кез келген тұрғын өз балконына ту ілу арқылы қатыса алады.
#republicday