Ақтауда психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің филиалы ашылды. Әлеуметтік нысан 32 шағынауданда орналасқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жаңа арнайы білім беру ұйымы 0-18 жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, шаһардағы жоғары шағынаудандарда тұратын ерекше қажеттілігі бар балаларға да емдеу, қолдау көрсетпек.
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті филиалының материалдық-техникалық базасы қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Аталған санаттағы балаларға оңалту, түзеу көмектерін көрсетіп, психологиялық қолдау жасайтын 13 арнайы кабинет жасақталған. Олар логопед, дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог, монтессори, сенсорлық, емдік дене шынықтыру, массаж кабинеттері. Мекемеде 20 маман жұмыс істейді.