Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлері қалалық саябақтың аллеясына ұзақ жылдық елу көшет отырғызды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Шара Маңғыстау облысы прокуратурасының 50 жылдығына орайластырылған.
Қазақ КСР прокурорының 1973 жылғы 18 мамырдағы бұйрығымен Маңғышлақ облысының прокуратурасы құрылған еді.
«Маңғыстау облысының прокуратурасы 50 жыл бойы облысымыздағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап келеді, осы уақыт ішінде саяси-құқықтық жүйелер өзгерді, бірақ прокурорлар жұмысының мақсаты сол күйінде қалды. Ол – заңдылықты қамтамасыз ету», - деді облыс прокуроры
Руфат Құттықов.
Сондай-ақ, мұндай шараның өскелең ұрпаққа үлгі болатынын атап өтті.