Ақтауда әуежайға баратын жолда патрульдік полицияның қызметтік көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқиға куәгерлерінің сөзінше, полицияға тиесілі «Toyota Avalon» көлігі жол үстінде аударылып қалған. Оқыс жағдай Ақтау халықаралық әуежайына шыға беріс жолда тіркеліп отыр. Осыған қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, патрульдік қызметкердің кінәлі екенін растады.
«Патрульдік полиция батальонының инспекторы өзі мінген көлікті басқара алмай, «Опель Астра» көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Оқиғаға кінәлілер әкімішілік жауапкершілікке тартылды», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.