Бүгін Ақтауда Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен І - қалалық «Алтын таяқша» атты дирижерлар байқауы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Байқауға Жаңаөзен қаласының атынан қатысқан "Мұнайшы" МҮ "Өнер” МКҚК мекемесі жанынан құрылған Халықтық «Ұлт-аспаптар» оркестрінің дирижері, Халықтық «Керуен» тобының әншісі Бақыт Қуатов бірінші орынды иеленді.
Айта кетейік, «Алтын таяқша» қалалық байқауы 2 кезеңнен тұрды. Екінші кезеңге үздік деп танылған 10 үміткер өтті. Үміткеркерлер бұл кезеңде қазақ композиторларынан күрделі 1 шығармасын және оркестрдің сүйемелдеуімен жеке аспапта 1 шығарма орындады.