Газдан уланған алты жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
- 11 шағынаудандағы 19 үйіндегі өрт туралы 9 наурызда кешкі сағат 23:06-да кезекші бөлімге хабарландыру келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД-ның 11 қызметкері мен 4 техникасы дер кезінде жетті. Оқиға барысында 2017 жылы туған бала көміртегі тотығымен уланған, - деді азаматтық қорғау аға лейтенанты, Ақтау қалалық ТЖ басқармасының бас маманы Мақсат Шапхатов.
Оқыс оқиға салдарынан болған өрттің ауданы 15 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат 23:41-де толығымен жойылды.