Ақтау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, көтерме-тарату орталығының құрылысы 36 шағын ауданда басталған, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
Қазіргі уақытта ауданы 27000 шаршы метр болатын 2 қабатты негізгі сауда орталығының құрылысы аяқталды. Жаңа нысанның жалпы ауданы 8 гектарды құрайды.
"Жобада көрсетілген барлық ғимараттың негізгі қаңқасы аяқталды, әрлеу және техникалық жабдықтармен жабылады. Сонымен қатар, арнайы техника мен мамандардың көмегімен құрылыс учаскесін абаттандыру жұмыстары басталды, бүгінгі таңда жоба құрылысының 60%-ы аяқталды",-делінген Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың 1 жартыжылдығында толық аяқтау жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көтерме-тарату орталықтары ел өндірушілерінің, оның ішінде шағын өндірушілердің кооперациясы үшін ұлттық тауар өткізу жүйесіне кіреді.