Тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету мақсатында қалада 3 блокты-модульді қазандық орнатылып, 1 қазандық модернизацияланды. Қазіргі таңда газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты 13 және 15 шағын аудандардағы белгілі бір аумақтар қазылып жатыр. Блокты-модульдік қазандықтар 13 шағын ауданның 14 үйін, 15 шағын ауданның 17 үйін, ал модернизацияланған қазандық 17 шағын аудандағы 17 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Нәтижесінде “МАЭК-Казатомпром” ЖШС түскен жүктеме 36мВт=31гкал/сағатқа азаяды.