«Аманжан» техникалық қызмет көрсету орталығында жарылыс болып, артынша өртке ұласты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ТҚО-да жұмыс істейтіндердің бірі газ балоны жарылғанын айтады. Ал гараж ішінен адамдардың толық шығарылғаны әзірге белгісіз.
Редакция ТЖД баспасөз қызметінен ресми ақпарат күтіп отыр.