Кіші Оймашы көлінің аумағында бірлескен рейд жұмыстарын жүргізу нәтижесінде белгіленбеген жерге қоқыс тастау фактілері анықталған. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес полицейлер екі ауыр жүк көлігінің иесіне хаттама толтырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласы әкімдігінің экология департаменті, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, табиғат қорғау полициясы, ТКШ бөлімінің мамандары бірлескен рейдтік іс-шараларды жалғастырып жатыр.
"Қоқысты (құрылыс, тұрмыстық және т.б.) қоқысты шығаруға арналмаған белгіленбеген орындарға тастау фактілері анықталған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 - бабына сәйкес шаралар қабылданатын болады", - деп ескертеді экологтар.