Ақтауда бейнебақылау камерасына ер адамның әйеліне әлімжеттік көрсеткені түсіп қалған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқиға көпқабатты үйде орын алған, ер адам жәбірленушіні сілкіп, аузын жауып жерге итеріп жібереді. Бейнежазбада оқиғаға куәгер болған балалардың жан-айқайын да естуге болады.
Маңғыстау облысының полиция департаменті ер адамның іздестіріліп жатқаны туралы хабарлады.