Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен таксомоторлы агрегатор"Inservice" ЖШС-нің ("INDRIVER" қосымшасы) заңсызәрекеттері көрсетілген, жергілікті такси тасымалдаушыларының ұжымдықарызы негізінде, такси қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдау жүргізу барысында департаментпен нарық субъектілерінен мәліметтер сұрау салынған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, нарық субъектілері, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік статистика саласындағы орган, Мемлекеттік кіріс органдары монополияға қарсы органның талабы бойынша ақпарат беруге міндеттелген.
Алайда "Таксопарк Каспий"ЖШС ("Inservice"ЖШС агрегаторының серіктесі) монополияға қарсы органға сұратылған ақпаратты беруден бас тартқан.
Бұл әрекеті үшін Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен, аталған ЖШС әкімшілік жауапкершілікк етартылып, 100 АЕК (345 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Естеріңізге сала кетейік, нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау - бәсекелестік деңгейін айқындау, бәсекелестікті қорғауға және дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мақсатында жүргізіліп отыр.