Суға батып бара жатқан 12 жастағы жасөспірімді 16 жастағы алматылық тұрғын құтқарып қалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Видеода дауыл кезінде теңізде шомылып жүрген баланың суға қалай батып жатқаны көрсетілген. Досы оны құтқармақ болған, бірақ қатты толқыннан құтқара алмаған. Содан кейін 16 жастағы Әмір Аббасов суға батып бара жатқан жігітке көмекке ұмтылған. Жігіт Алматыдан Ақтауға демалысқа келген. Ол баланы шашынан ұстап, кейін судан шығарып жағаға алып шықты.