Олардың арасында бес бала бар, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша ПД басшысы облыс тұрғындарына үндеу жариядады.
"Құрметті маңғыстаулықтар, облысымызға келген қонақтар! 16 маусым күні кешкі сағат он жарымдар шамасында Жаңаөзен-Кендірлі тас жолында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Оның салдарынан 10 адам қаза тапты. Оның бесеуі - кәмелетке толмағандар.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, ескерткім келеді. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – көліктің қарсы бағытқа шығып кетуі. Сонымен қатар жыл басынан бері жолда жануарлардың қатысуымен 3 жол апаты болып, 2 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған.
Облыс халқының саны күн сайын артып келеді. Халық санының өсімі бойынша елімізде бірінші орындамыз. Былтыр мереке күндері облысымызға 7 мың көлікпен 35 мыңға жуық турист келген. Сондай-ақ облыста соңғы 5 жылда көлік саны 15 мыңға көбейсе, қазіргі таңда 170 мыңға жетті», - деді облыстың жол полициясы басқармасының басшысы.
Жыл басынан бері облыста 164 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 32 адам қаза тауып, 185 адам дене жарақатын алды.
"Toyota" көлігінің ішінде 8 адам болғанын атап өткім келеді. Егер ережелер сақталып, жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағып, сондай-ақ балаларға арналған орындықтар пайдаланылса, онда көлікке тек 4 адам ғана сияды. Ал апат болған жағдайда бұл құралдар адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуы мүмкін. Бір ай бұрын "Duster" автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ескертіліп, айыппұл салынған.
Осыған байланысты жол қозғалысы ережелерін сақтауды және өз өмірлеріңіз бен балаларыңыздың өміріне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын!" - деп үндеу жасады аймақ тұрғындарына полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаев.