Бүгін Ақтау қаласынан 22 шақырым жерде 1999 жылы туған адам суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖ департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазіргі таңда ТЖД жедел құтқару жасағымен іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осы орайда ТЖД маңғыстаулық тұрғындар мен қонақтарға суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылмауды және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА