Президент бүкіл түркі дүниесіне танымал ғұлама Қожа Ахмет Ясауидың және осында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді.