2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жәрдемақы төлемдерінің мөлшері 14,5%-ға яғни коэфиценттері өзгеріп өсетін болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мәселен айлық есептік көрсеткіш мөлшері бұрын 3180 теңге болса, енді 3450 теңгені құрайды. Ал ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгеге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгеге өседі. Сонымен қатар ең төменгі жалақы 70 000 теңге болмақ.
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ МОФ директорының орынбасары Ұлан Нұрлыбаев мәлімдеді.
Ол әлеуметтік сала бойынша соңғы уақытта оң өзгерістер орын алғанын атады. Соның бірі жәрдемақылардың пайыздық өсімі. Мәселен 1 топтағы мүгедектігі бар жандар ағымдғы жылдың 1 қаңтарында 77889 тг жәрдемақы алса, шілдеден бастап – 89 248 теңге алады. 2 топтағы мүгедектігі бар жанның жәрдемақысы 71398 теңгеге, үшінші топқа жататын жандардікі 48681 теңгеге, 7 жасқа дейінгі мүгедек балалардың төленетін жәрдемақысы 65313 теңгеге өседі.
- Асыраушысынан айырылған балаларға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар да көбейеді. Шілде айынан бастап 1 балаға 37 322 теңге төленсе, 2 балаға 68 964 теңге, үш балаға 91 276 теңге жәрдемақы беріледі, -дейді Ұлан Нұрлыбаев.
Сонымен қатар «Алтын алқа» немесе бұрын батыр ана атағын алған, 1 және 2 дәрежелі «Ана» даңқы ордені иегері болған көп балалы аналар бұған дейін 22 080 теңге алып келсе 2023 жылдың шілдесінен бастап 25 530 теңге көлемінде қаржы алатын болады.