Маңғыстау облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Аян Дуйсембаев жол патрульдік полиция қызметкерлеріне қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Табысталған жаңа жеті автокөліктің барлығы жылдамдық өлшеуге арналған “Кибер-шериф” құрылғыларымен жабдықталған.
- Патрульдік автокөлік санының артуы жолдағы қауіпсіздікті арттыруда оң нәтижелерін береді деген үміттеміз. Ең бастысы - азаматтардың амандығы мен қоғамның тыныштығы,- деді облыстың бас полицейі Аян Сәбитұлы.