Тұрғындар педофилияға қатысты күдіктіні ұстады деген фото, видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Алайда полицейлер мұны жоққа шығарып отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Полицияның айтуынша, 31 шілде күні сағат 00.25-те 102 нөміріне қоңырау түскен. Қоңырау шалушы кішкентай балалардың артынан жүгірген ер адамды ұстағанын айтты.
"Бұл қоңырауға патрульдік полиция батальонының қызметкерлері барды. Тексеру барысында 43 жастағы ер адамның балалар артынан жүгірмегені, бірақ түнде тыныштықты бұзып, адамдардың мазасын алғаны анықталды. Осы дерек бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», - деді облыстық ПД.