Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 20 шілдедегі бұйрығымен механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау қағидаларына және емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыру үшін өтініш беру тәртібіне жаңа ереже енгізілді.
Атап айтқанда, теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыру үшін жүргізушілерге кандидаттар электрондық үкімет порталы (ЭҮП), ақпараттандыру объектілері (Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері) (ақпараттандыру объектілері) арқылы немесе қызмет көрсету операторына жүгіну арқылы өтініш береді.
ЭҮП, ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінген кезде жүргізушілерге кандидат тұлғаның биометриялық деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыру арқылы сәйкестендіруден өтеді. Жүргізушілерге кандидаттың "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Қызмет операторына жүгінген кезде жүргізушіге кандидат жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынады.
Қызмет операторының қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты немесе электрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстырады (сәйкестендіру үшін).
Жүргізушіге кандидаттың жеке басын сәйкестендірудің нәтижесі теріс болған жағдайда емтихан өткізер алдында, оның ішінде биометриялық салыстыру арқылы ақпараттық жүйеге тиісті мәліметтерді енгізе отырып, Мемлекеттік Корпорация айқындайтын нысан бойынша жеке басын сәйкестендіруден өтпегені туралы акт жасалады.
Акт ресімделген күннен бастап 6 ай ішінде емтихан тапсыра алмайды.
Жүргізуші кандидатына теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыру үшін бос орындардың болуына сүйене отырып, оны өткізу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей және осы тармақта белгіленген мерзімдерді ескере отырып, теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыру орнын, күнін және уақытын таңдайды.
Теориялық және практикалық емтиханды тапсыру алдыңғы күннен бастап келесі жұмыс күніне тағайындалады.
Теориялық емтиханнан екі рет өтпей қалған жағдайда келесі емтиханға кемінде бір айдан кейін қатыса алады.
Практикалық емтиханнан құлаған жағдайда келесі емтиханға кемінде бір айдан кейін кіре алады.
Практикалық емтиханнан үш рет өтпей қалған жағдайда емтиханды тапсыру нәтижелері жойылады (талпыныстар саны нөлге тең). Жүргізушіге кандидат теориялық емтихан тапсыруға кемінде екі айдан кейін қатыса алады.
Жергілікті әскери басқару органдарының бағыттары бойынша оқудан өткен адамдар күнтізбелік жеті күннен кейін қайта емтиханға жіберіледі.
ТЕОРИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
Теориялық емтихан тапсыру залына кірер алдында жүргізушіге үміткер биометриялық деректерді мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыру арқылы сәйкестендіруден өтеді.
Бұдан әрі экранда жүргізушіге үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі және кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен алынған АЖО нөмірі көрсетіледі. АЖО нөмірін алғаннан кейін жүргізушіге үміткер 3 минут ішінде АЖО алады және емтихан тапсыра бастайды.
Емтихан басталар алдында мониторда басқару құқығын алуға теориялық емтихан тапсырылатын көлік құралдарының АЖО нөмірі, санаты немесе кіші санаты (бұдан әрі - санат), сондай-ақ жүргізушілерге кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
Бұл ретте жүргізушіге кандидат емтихан басталар алдында, оның барысында және соңында биометриялық деректерді мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыру арқылы қосымша сәйкестендіруден өтеді.
Емтихан барысында кездейсоқ пернелерді басудан туындаған жанжалды жағдайларды болдырмау үшін жүргізушіге үміткер таңдаған жауабын тиісті пернені қайта басу арқылы қайталайды. Сұраққа жауап бермеу қате болып саналады.
Жүргізушіге кандидатқа басқалармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз, электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты пайдалануға, теориялық емтихан тапсыру залынан шығуға, сондай-ақ оған қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондарды) енгізуге жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар теориялық емтиханды қабылдау кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақталады.
Осы қағидалар бұзылған жағдайда емтиханды қабылдау тоқтатылады, емтихан алушыға "тапсырған жоқ" деген баға қойылады және ол 3 айдан кейін ғана қайта тапсыра алады.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЕМТИХАНДА НЕ ӨЗГЕРЕДІ?
Практикалық емтихан тиісті санаттағы көлік құралдарымен және жүргізу нәтижелерін автоматты түрде оқитын мамандандырылған құрылғылармен жабдықталған Мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған автодромында қабылданады.
Автоматтандырылған автодромның орналасуы жол қозғалысы қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік бөлігінде қағидалардың, техникалық нормалар мен стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Автодром практикалық емтихан тапсыру кезінде көлік құралдарының жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етеді.
Практикалық емтиханды қабылдау үшін нұсқаушымен бірге оқу ұйымдарының көлік құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі.
Сынақ жаттығуларының орындалуын бағалау және айыппұл балдарын қою мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің араласуынсыз автоматты режимде жүзеге асырылады.
Практикалық емтиханның барысы бейне және аудиожазбаның техникалық құралдарының көмегімен жазылады. Әрбір практикалық емтиханның жазбасы Мемлекеттік корпорацияда кемінде 12 ай бойы электрондық жеткізгіште сақталады.
ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН БЕРУ
Жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушіге үміткерлерден талап етіледі:
- жеке басты куәландыратын құжат, оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисі арқылы;
- медициналық анықтама; (бұрын оның көшірмесі де қажет болған)
- мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
- курстарды аяқтау туралы куәлік (өзін-өзі даярлау жағдайларын қоспағанда).
Шет мемлекеттердің жоғалған жүргізуші куәліктерінің орнына, КСРО-да берілген жүргізуші куәліктерінің орнына, сондай-ақ оларды беруге уақытша тыйым салу және бұрын берілген жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы заңды күшіне енген сот шешімі болған кезде жүргізуші куәліктері берілмейді.
Ал көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін жүргізуші куәлігін алу үшін азамат қайтадан емтимхан тапсыруға міндетті.
Көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойы айырылған жағдайда жүргізуші куәліктерін беру мүмкіндігі уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бұғатталады.
Сондай-ақ, ереже "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін және алғаш рет жүргізуші куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін жаңа тараумен толықтырылды.