Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі 12 тамызда аталып өтетін Халықаралық Жастар күні қарсаңында «Жастар апталығының» басталғанын жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
7-12 тамыз аралығында республика өңірлерінің барлық алаңында қайырымдылық, волонтёрлік және экологиялық акциялар, бос орындар жәрмеңкелері, түрлі фестивальдар, жастарға арналған концерттер мен семинарлар өтеді.
Апта Қазақстанның әр өңірінде «12 игі іс» қайырымдылық акциясымен басталады. Бұл күндері жас еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері қарттар үйлеріне, балалар үйлеріне барады; экологиялық акциялар өткізеді және мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.