Ақтау қаласы әкімі Ербол Ізбергеновтің тұрғындарға есеп беру барысында ақтаулықтар МАЭК тарифі, газ бағасына қатысты сауалдар жолдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
-“Маэк” облыстық акимат балансына өткені белгілі. Жақында қоғамдық тыңдаулар өтті, ондағы қорытынды - “МАЭК” өзінің тарифтерін көтермек. Егер “МАЭК” ұсынысы талқыдан өтіп, мақұлданса мен мысалы қазір 10 мың төлесем, тариф өзгерсе 20 мың төлеп отыратын боламын. Газ да 10 % көтеріледі деген ақпаратым бар. Ойлап қарағанда, “”МАЭК” тарифі 100% көтеріледі деген сөз. Екіншіден, сол өткен тыңдауларда белсенділер сұраныс жіберілген соң мынадай жауап келді:тек Маңғыстау облысында “МАЭК” 1000 текше метр газды 16 мың теңгеге сатып алып отыр. Ал Атырау, Ақтөбе, Орал облыстары сол көлемді 7 мың теңгеге сатып алады. Біз неге сол арзандау газды немесе сондай арзан бағада сатып алмаймыз. Неге Маңғыстау облысында “МАЭКке” берілетін газ 16 мың теңге? Осы сауалға жауап берсеңіздер, - деді қала тұрғыны.
Есеп беруге қатысқан облыс басшысы жалпы қаланың барлық инфрақұрылымы тозғанын атап өтіп, сауалға жауап берді.
-“МАЭК” инфрақұрылымы тозғаны белгілі. Мекеменің қызмет көрсететін тұтынушылар саны жыл сайын артып отыр. Қазір 9 модульді шағын қазандық орнатылуда. Соның 5-еуі іске қосылды жақында. 17 шағын аудандағы қосымша 24 МВт қосымша құрылғы іске қосылды. Қазір Ақтау қаласының жылу жүйесіне қажет 250 МВт-тың 69 МВт
іске қосылды. Қалған 4 модульді қазандық биыл іске қосылса, қосымша тағы да жылу көздері болады. Бұрын қала МАЭК-тен шыққан жылумен жылытылса, қазір магистралды газ құбырынан арнайы газ алынып, соны пайдалануда, - деді облыс әкімі.
Ал, газ бағасы бойынша облыс әкімінің айтуынша Ақтау, Атырау қаласынан соң республика бойынша екінші орында.
-Мысалы Атырауда газ “Тенгизшевроил” мекемесінен алынады. Яғни, облыстың ішіндегі кен орны сол облысты қамтып отыр. Маңғыстау облысы тұтынатын газдың біраз бөлігі мұнда өндірілмейді. Басқа облыстардан тасымалдаудамыз. Газдың қымбаттауы шығындарына байланысты. Маэк инфрақұрылымының ескіргенін ескере отырып, Үкіметке ұсыныс енгізген соң - коммуналдық меншікке берілді, - деді оьлыс басшысы.