Қабылданған жаңа заңға сәйкес электросамокаттар тек қана веложолдарда веложолақтарда 25 км жылдамдықпен жол жүріс бөлігінің оң жақ шетінде оның ішінде маршруттік көліктерге арналған жолақтың бойымен бірқатарда қозғала алады және тротуарларда жол жиегінде және жаяу жүргіншілер жолында 6 км сағат жылдамдықпен қозғалады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Құрметті жүргізушілер электросамокаттар көлікке арналған жолмен жүруге тек 18 жастан рұқсат етіледі және жүргізуші куәлігінің кез келген санаты болуы керек.
Мопед электросамокат және велосипед жүргізушілері осы қозғалыс құралын басқару кезінде жолдың жүріс бөлігінде жүргенде ғана міндетті түрде бекітілген шлемды қою керек.
Сонымен қатар ескертеміз жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін және сондай-ақ жол жүрісіне қатысушыларға қойылған өзге де талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 593 және 620 жауапкершілікке тартылады», деп ескертті Ақтау қаласы ПБ ППБ.