Қарақия ауданы, Жетібай ауылынан 8 км қашықтықта тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны бүгін сағат 11:00 шамасында өртенген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ТЖД-ның алдын ала есебі бойынша 2000 шаршы метр алаң отқа оранған.
- Рекультивациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үй секторына өрттің таралу қаупі жоқ, - делінген ТЖД хабарламасында.
Сондай-ақ, Жетібай ауылының әкімі қоқыс полигонындағы өртті өшіруге кәсіпкерлердің техникасы жұмылдырылғанын хабарлады.
- Қайырлы күн! Құрметті ауылдастар! Өздеріңізге мәлім ауылдағы қоқыс полигоны өртенді. Өрт сөндіру бөлімі, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ, «Ақжол Құрылыс» ЖШС және жеке кәсіпкерлер тарапынан өртті сөндіру бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймын!, - деді ауыл әкімі.