Қазақстанда Жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті құрылды
4 мамыр, 12:40 | Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 27 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын», - делінген құжатта.
Бөлімнің функцияларына мыналар кірді:
- жасанды инеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
- жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы құқықтық реттеуді әзірлеу және енгізу;
- жасанды интеллект саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
- жасанды интеллект саласындағы сараптамалық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекіту;
- жасанды интеллектті дамытуға қатысты Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келісу.
Бұл ретте «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды.
560
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.