Бүгін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Имаммахмут Шағырбаев пен Ақтау қалалық құрылыс бөлімі басшысының м.а. Еркінбек Жауқан қаладағы құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкім орынбасары мен бөлім басшысы құрылыс нысандарын аралау барысында 31А шағын ауданындағы №30 мектепті қамтамасыз ететін ескі жылу құбырының көлемін өзгертіп, ауыстыру жұмыстарын жүргізетін «Теплоэнергострой» ЖШС мердігер мекемесі өкілдерімен кездесті. Қала әкімінің орынбасары мердігерге бірқатар тапсырмалар беріп, құрылыс жұмыстарын жылыту маусымына дейін аяқтауға міндеттеді.
Имаммахмут Шағырбаев 21 және 23 шағын аудандардағы диаметрі 1000 мм ескірген кәріз құбырын ауыстыру жұмыс барысымен де танысып, аталған жұмысты жүргізіп жатқан «Таир» ЖШС мердігер мекемесіне құрылысты қазан айына дейін аяқтауға тапсырма берді.
Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы «Приозерный-3» елді мекеніндегі құрылысы аяқталуға жақын спортзал нысанымен танысты.