14 шілдеде "Ақтау-әуежай" автомобиль жолында көлік түйені қағып кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
Сағат 09.20-да. "102" кезекшісінің пультіне шақыру түсті. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Infinity" автокөлігінің жүргізушісі жануарды басып өткен. Зардап шеккен екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Жануар апат болған жерде өлген.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша хаттама жасалды. Яғни жүргізушілердің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіріп, жол қозғалысы ережелерін бұзған. Бұл жағдайда автокөлікті басқарған адамға 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы немесе тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.