“Марина Федоренко – мінсіз, адал, асыл, шыншыл, еңбекқор және ашық. Маңғыстаудағы театр өнерін Қазақстандағы ең үздіктердің қатарына қосқан. Адам санасына сыймайтын ерлік жасаған театр саласының нағыз тұлғасы”, деп сыйпаттайды оны қатарлас, үзеңгілестері.
Мangystaumedia.kz редакциясы назарларыңызға өңір өнеріне еңбегі сіңген майталман туралы ақпарат ұсынуды жөн санады.
Марина Валентиновна Федоренко Өзбекстан астанасы Ташкентте дүниеге келген. Тверьдегі Львов өнер колледжін үздік бітірді. 1984 жылы қолындағы қызыл дипломмен Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдениет сарайында театр қызметін бастады.
– Мен 8 жыл бойы халықтық деген құрметті атаққа ие болған «Гвоздь» жастар театрының негізін қалаушы әрі жетекшісі болдым. 90-жылдары Сочиде өткен фестивальге Қазақстанның атынан қатысқан «Каспий дельфиндері» КВН командасының алғашқы мүшесінің бірі ретінде танылдым. 2009 жылдан бастап Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында актриса болып жүрдім. Құжат бойынша менің туған күнім 10 наурыз, бірақ мен оны 2 сәуірде ресми түрде театр сахнасында тойлауды жоспарлап отырмын, бұл менің қалауым. Бұл мен үшін үлкен бақыт. Қонақтарым – көрермендер, достарым, актерлер, режиссерлер. Баршаңызды 2 сәуір күні сағат 19:00-де өтетін қойылымымға шақырамын, - деді Марина Федоренко.
Бүгінде сұлу да дарынды Марина Федоренко Н.Жантөрин атындағы драма театрдың актрисасы, концерттік бағдарламалардың, фестивальдердің, мемлекет басшыларының кездесулерінің жүргізушісі, сценарист, радио жүргізушісі ретінде танылып жүр. Оның барлық тамаша қасиеттерін санау мүмкін емес. Ол сан алуан рөлдерді сомдады: Т.Уильямстың пьесасы бойынша қойылған «Трамвай желание» спектаклінде Бланш, К.Перроның «Золушка» ертегісінде фея, «Күйеуіңізді сатыңыз» спектаклінде Елена Владимировна рөлдерін сомдады. «Тышқанға қақпан» пьесасындағы Мисс Кэйсуэл рөлі, «Он, она, покойник” қойылымында күтуші рөлі, “Измена” моноспектаклінде Ирэн рөлі, “Чудесные люди” комедиясында Наталья Степановна Чубукова, “Дикие историй +16” спектаклінде Утконс, Мэгги рөлдері, “Оскар и розова дама” қойылымында Оскарды, “Двое в кафе” қойылымында Катяның рөлін және тағы басқа да айтулы көптеген рөлдерді сомдады.
– Биыл Ақтау өзінің мерейтойын атап өтеді. Мен сүйікті қалам Ақтауды жақсы көремін. Ақтау теңіз жағалауында орналасқандықтан шығар бәрімізге теңізшілердің рухын береді. Біз қашықтыққа қараймыз, армандаймыз. Теңізшілердің үйге қалай оралғанын қараңызшы, сондай бір сөзбен жеткізе алмайтын көңіл-күйде жүреміз көбіне.
Мен біздің қала тұрғындарының осы қала пайда болған кезде қандай болды, сол қалыпта қалуларын қалаймын. Олар осы қаланы салды, дамытты, жақсы көрді. Біз болашақ ұрпаққа бәрнәрсе қалдыруымыз керек деді. Ақтау үшін әрбіріміз жауаптымыз. Бұл біздің жауапкершілігіміз, – деді Марина Федоренко.