Сәуірдің бірінші күні облыс орталығында жаңбыр жауып, күн суытады.
Ауа температурасы күндіз +7 градусқа дейін барады, күні бойы жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 14-19 м/с. Синоптиктердің болжауынша, қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.