Өткен сенбіде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының Волонтер жылы аясында «Игі істер уақыты» бастамасына қолдау білдіріп, Маңғыстау облысының мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұжымы аз қамтылған және көмекке зәру отбасының үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Волонтерлық қозғалысқа қолдау білдірген мемлекеттік қызметшілер Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында орналасқан үйге жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, азық-түлікпен де жәрдем беріп, бір отбасының алғысын алды.
Мемлекеттік қызметшілерді қайырымдылық, мейірімділікке тәрбиелеу және тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын беру мақсатындағы осындай игі шаралар алдағы уақытта жалғасын таппақ.