Қарақия ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
[ 2019 ] 3 қыркүйек, 08:12 | Маңғыстау жаңалықтары
Қарақия ауданы әкімінің өкімімен Тұяқов Бауыржан Орынбайұлы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданы әкімдігіне сілтеме жасап. Бауыржан Орынбайұлы Тұяқов 1985 жылы туған. Білімі - жоғары. 2003 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2018 жылы Ұлыбританияның Ноттингем Университетінің Мемлекеттік саясат магистратурасы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметінен бастады. 2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2012 жылдың қарашасынан 2019 жылдың тамызына дейін Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды. "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлегі, 2018 жылы "Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі" атанды.
1758
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.