Елімізде көктемнің алғашқы күні аталып өтетін Ашық есік күні Маңғыстау облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Ақтау қалалық №1, №2 емханаларында, «Ясин», «Нейрон» медициналық орталықтарында халықтың арасында АИТВ инфекциясының алдын алу шарасы жүргізді. Бұл күні облыс тұрғындары тегін және анонимді түрде қан тапсырып, құпия кеңес алып, диагностика өтті. Барлық ниет білдірушілер өзінің АИТВ жағдайын экспресс-тестілеу әдісі арқылы, яғни, қан тапсырған соң 10-15 минут өткеннен кейін оның нәтижесін білуге мүмкіндік алды. Орталық мамандары бұл күні 200-ге жуық адамды қамтып, экспресс-тестен өткізді. Барлығының талдама нәтижелері АИТВ-ге теріс, яғни осы вирустан таза болып шықты.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА