©
Бүгін Ақтауда 17 шағынаудандағы құрылыс объектісінде 1 адам қаза тапты. Оған құбыр түсіп кетіп, аман алып қала алмайтындай жарақат алған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жедел жәрдемге түскі сағат 11.09-да қоңырау түскен. Жедел жәрдем 2 минутта келгенімен, зардап шегуші қайтыс болған.
«Құрылыста зардап шеккен жігітке көмек көрсету үшін оқиға орнына жедел жәрдемді шақыртқан. Алайда жедел жәрдем келгенше жұмысшы сол жерде жан тапсырды», - дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Азамат Сәрсенбаев.
Осы оқиға бойынша Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің жауабын күтіп отырмыз.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Көрнекі сурет сайт архивінен