©
ЖРВИ – әртүрлі қоздырғыштарымен, соның ішінен парагрипп, аденовирустар, риновирустар, метапневмовирустар, бокавирустар және басқалар, сондай-ақ олардың 300-ден астам түрлерінен пайда болатын әлемде ең көп таралған тобы.
Тұмау – жоғарғы тыныс жолдарының улану мен зақымдануы арқылы пайда болатын жіті респираторлық вирусты инфекция. Қазіргі кезде тұмау вирусының 2000 түрі анықталған. Вирус адамнан адамға жөтелу немесе түшкіру арқылы ауа-тамшы жолымен беріледі, сондықтан індет кезінде көпшілік жерлерге барудан бас тартып және демперде (маска) пайдалану қажет. Тұмаудың инкубациялық кезеңі 5 күнге дейін сақталады, сондықтан ауру белгілері бірден байқалмайды, осы уақытта сіз қоршаған адамдарға инфекция жұқтыру қаупін тудыратыныңызды ұмытпаңыз.
Инфекция және қосалқы аурулармен байланысты сырқаттың ауыр түрімен өлімге дейін әкеліп соқтыратын тұмау жұқтыратын жоғарғы қауіп төну мына тұлғаларға жатады:
Тұмаудың негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, буын мен дене бойының сырқырауы, бас ауру, әлсіздік, тамақтың қызаруы, мұрын бітелуі. Жасы ұлғайған адамдар мен кішкентай жастағы балаларда инфекция ауыр түрде өтеді. Жасы ұлғайған адамдарда алдымен жүрек тамыр жүйесі бұзылады (демігу, акроцианоз, тахикардия, гипотония, кеуде қуысының ауруы). Балаларда дене қызуының қатты көтерілуі, осыған байланысты құрысу, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы: құсу, іш ауру, іш өту.
Аурудың ауыр белгілері: әлсіздік - тұру қабілетін жоғалту, есінің «бұзылуы», құрысу, аса қиын тыныс алу немесе демалу тапшылығы, дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өту, зәр шықпау немесе кішкентай бала жылағанда жас шықпау жағдайларында жедел медициналық көмек шақырту қажет.
Жанұяда тиісті ережелерді сақтау арқылы инфекция таралуын азайтуға болады: мүмкіндік болғанша сырқатты бөлек бөлмеге немесе төсек орнын пердемен оқшалау; бөлме есігін жауып қою, алғашқы белгілер пайда болғаннан бастап сырқат 7 күнге дейін үйден шықпау, жалпы пайдалану орындарында демперде тағу. Үй жағдайында төсек режимін сақтау, сұйықтықты көп ішу, қызу қайтаратын дәрілер, дәрігер берген антибиотиктерді қабылдау мен тиісті тамақтану. Бөлмелердің ауасын тазарту, сумен тазалық жұмыстарын жүргізілуін қамтамасыз ету.
Салқын тию ауруларының алдын алу кеңестері өз күшінде қалады: үйге келісімен жақсылап қол жуу, далада немесе көпшілік жерде мүмкіндігінше мұрын мен ауызға қол тигізбеу, бөлмелердің ауасын жиі тазарту, мұрынға арналған шашпа мен жақпа майлар пайдалану: сарымсақ, эхиноцея, крапива, пияз, қорғаныс демпердесін тағу, екпе жасату.
Екпе жасату – тұмаудан кейін асқынудың алдын алуда тиімді әдістерінің бірі, оның ішінде пневмония, менингит, отит және созылмалы аурулар шиеленісуі.
Әсел БЕКТҰРҒАН, ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» РМҚ ШЖҚ Маңғыстау облысы бойынша вирусология зертханасының меңгерушісі